Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы
45-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты



Ст. 45 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ




1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс нәтижелері негізінде не осы Заңда белгіленген жағдайларда тікелей келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша жасалады.

2. Осы Заңның 43-бабында көзделген жағдайларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты негізінде жасалады.

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жазбаша нысанда жасалады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жазбаша нысанын сақтамау мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жарамсыздығына әкеп соғады.

4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әртүрлі шарттардың элементтерін қамтитын шарт болып табылады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының қатынастарына тиісті бөліктерде, егер тараптардың келісімінен немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мәнінен өзгедей туындамаса, элементтері осы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында қамтылатын шарттар туралы заңнама қолданылады.


Статья 1 ...43 44 45 46 47 ...59 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 45-бап Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ