Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы
48-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мерзімі



Ст. 48 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ




1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мерзімі осы Заңның 4-бабының 2) тармақшасында белгіленген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мерзімінен аспауға тиіс.

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының келісуі бойынша оның қолданылу мерзімі осы Заңның 4-бабының 2) тармақшасында белгіленген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының қолданылу мерзімі мынадай жағдайларда:

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптарына байланысты емес мән-жайлар нәтижесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы кідіртілгенде немесе тоқтатыла тұрғанда;

2) мемлекеттік әріптестің және (немесе) мемлекеттік органдардың әрекеттері немесе әрекетсіздігі нәтижесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы тоқтатыла тұрғанда;

3) мемлекеттік әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделмеген талаптарды қоюы нәтижесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға байланысты шығыстар ұлғайғанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған тәртіппен сот шешімімен ұзартылуы мүмкін.


Статья 1 ...46 47 48 49 50 ...59 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 48-бап Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ