Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы
8-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергілікті жобалары

Ст. 8 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары республикалық және жергілікті болып бөлінеді. 

2. Мыналар: 

1) меншiк түрi бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк (республикалық немесе коммуналдық) құқығына қарай республикалық немесе жергiлiктi ретiнде; 

2) пайда алушылар бойынша, егер пайда алушылар екi және одан көп облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың субъектiлерi болып табылса – республикалық ретінде және егер пайда алушылар бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың субъектiлерi болып табылса, жергiлiктi ретiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергiлiктi жобаларын айқындау өлшемшарттары болып табылады.
Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...59

Перейти к статье






Добавить комментарий к 8-бап Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ