Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы
4-бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі



Ст. 4 Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246



1. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған тиісті бюджетте көзделген сома шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады.

 РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Уәкілетті орган, халыққа қызмет көрсету орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды тіркейді және өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы растама береді.

Уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде қорытынды дайындау үшін оларды учаскелік комиссияларға тапсырады.

Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған жағдайда оларды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса уәкілетті органға береді.

2-1. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау өтініш беруші ұсынған құжаттардың және мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің, сондай-ақ учаскелік комиссия қорытындысының негізінде жүзеге асырылады.

3. Уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар және учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдап, ол туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді, бас тартқан жағдайда - оның себебі көрсетіледі.

4. Алынып тасталды - ҚР 2009.01.16 N 121 Заңымен.

5. Уәкілетті орган тиісті органдардан атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.

6. Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады.

Отбасының құрамына:

1) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар;

2) интернат-үйлерде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер;

3) мерзімді әскери қызметтегі адамдар;

4) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлеп емдеудегі адамдар кірмейді.

Атаулы әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленеді.

7. Өтініш беруші мен алушы кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің іс-әрекеттері мен уәкілетті органның және оның лауазымды адамдарының шешімдеріне жоғары тұрған жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

8. Уәкілетті органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен оны төлеуді ұйымдастырудың дұрыстығы үшін жауапты болады.

9. Уәкілетті орган халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібімен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлап отыруға міндетті.

Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.01.16 N 121, 2011.06.27 N 444-IV; 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...10 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246