Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы
6-бап. Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеп шығару



Ст. 6 Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246



1. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын айқындау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылатын құжаттардың және мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.

Тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмектен, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шараларынан басқа, белгіленген уақыт кезеңінде ақшалай немесе заттай нысанда алынған табыстардың барлық түрлері отбасының жиынтық табысына енгізіледі.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындауға құқылы.

Жиынтық табысты есептеу тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.

2. Жан басына шаққандағы орташа табыс атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.

 Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.01.16 N 121, 2011.06.27 N 444-IV; 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...10 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246