Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
65-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің іс-әрекеті



Ст. 65 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V



1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Мемлекеттік шекарада, шекаралық кеңістікте және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау кезінде өз іс-әрекетін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заңнамасы негізінде жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің Директоры басқарады.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрылымы, Шекара қызметі Директорының құқықтары және Шекара қызметінің іс-әрекетін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен бекітілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ережемен реттеледі.

Статья 1 ...63 64 65 66 67 ...80 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 65-бап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V