Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi туралы
12-бап. Мемлекет сыйлықақысы



Ст. 12 Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi туралы 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V



1. Мемлекет сыйлықақысы тіркелген салым шарты бойынша жиырма жылдан аспайтын мерзімге есепке жазылады.

2. Мемлекет сыйлықақысын есепке жазу жинақтаудың ең қысқа мерзімі бір жыл болған кезде жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша салым сомасының нақты жинақталған қалдығына жүзеге асырылады. Мемлекет сыйлықақысы шарттың қолданылу мерзіміне есепке жазылады.

3. Мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады).

4. Мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы:

1) осы баптың 1-тармағында белгіленген есепке жазу мерзімі өткен жағдайда;

2) салым шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда;

3) салымшы қаза болған, соттың оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген, не оны қайтыс болды деп жариялаған күннен бастап тоқтатылады.

5. Мемлекет сыйлықақысы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес есептеледі.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...20 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi туралы 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi туралы 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V