Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi туралы

Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi туралы
16-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiне қатысушылардың салым шартын жасасу және оның қолданылуы кезіндегі өзара іс-қимылы



Ст. 16 Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi туралы 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V



1. Салым шартын жасасу кезінде қатысушы банк салымшының осы Заңда белгіленген талаптарға сай келетіндігін, сондай-ақ салымшының атына ашылған қолданыстағы салым шартының жоқтығын тексереді.

2. Әрбір салым шарты бойынша қатысушы банк ынтымақтастық туралы келісімде белгіленген мерзімдерде және тәртіппен операторға салымшы, шоттың жай-күйі, салымшы ақшасының қозғалысы, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы және сомасы туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де қажетті мәліметтерді ұсынады.

3. Оператор салымшылардың Қазақстан Республикасы азаматтығына жататындығын растау туралы мәліметтерді сұратады, ал құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын 1 қаңтарға қарай оларды ұсынады.

Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...20 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 16-бап Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi туралы 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V