Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
11-бап. Мемлекеттік органдардың басшылары болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілердің және облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің негізгі функциялары



Ст. 11 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ



1. Мемлекеттік саяси қызметшілердің функционалдық міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде, тиісті мемлекеттік орган туралы ережеде және міндеттердің бөлінуінде айқындалады. 

2. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілердің және облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің негізгі функциялары мыналар болып табылады: 

1) мемлекеттік органның мақсаттарын, тиісті аумақты дамыту мақсаттарын айқындау; 

2) мемлекеттік саясатты тұжырымдауға, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді қабылдау; 

3) сыртқы саясат қызметі саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен өзара іс-қимыл жасау; 

4) Қазақстан Республикасының Парламентінде және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік орган атынан өкілдік ету; 

5) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалардың және өзге де жобалардың орындалу барысын реттеу және бағалау; 

6) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар.

Статья 2 ...9 10 11 12 13 ...69 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ