Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
12-бап. Орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшыларының, аппарат басшыларының және облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының өкілеттіктері



Ст. 12 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ




1. Министрліктердің және Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының мәртебесі мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.

2. Орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшыларының өкілеттіктеріне:

1) мемлекеттік органға жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастыру;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;

3) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту;

4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік органның "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындау және мемлекеттік лауазымдардан босату;

5) мемлекеттік органның тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру;

6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешу;

8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешу;

9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

10) мемлекеттік органның мемлекеттік саяси қызметшілері қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылау;

11) Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

3. Облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының өкілеттіктері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді.

4. Орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшыларына, аппарат басшыларына, облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының басшыларына орталық мемлекеттік органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының) бірінші басшыларының міндеттерін жүктеуге, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшыларының, аппарат басшыларының, облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының міндеттерін орталық мемлекеттік органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының) бірінші басшыларына және олардың орынбасарларына жүктеуге жол берілмейді.

5. Құқық қорғау органдарының аппараттары басшыларының өкілеттіктерін олардың бірінші басшылары айқындайды.

6. Орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары, аппарат басшылары және облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының басшылары осы бапта көзделген лауазымдық өкілеттіктердің орындалуына дербес жауапты болады.

7. Орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары мен аппарат басшылары және облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттарының басшылары функциялары мен өкілеттіктерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аталған адамдардың мемлекеттік лауазымды одан әрі атқаруы туралы мәселеге Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен бастамашы болуға құқылы.


Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...69 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ