Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
22-бап. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу



Ст. 22 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ




1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын белгіленген арнайы біліктілік талаптарына және осы Заңда белгіленген өзге де талаптарға сай келетін азаматтар қатарынан жүзеге асырылады.

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуді уәкілетті комиссия Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

2. Уәкілетті орган "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен уәкілетті комиссия ұсынған азаматтар қатарынан қалыптастырады.

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған азаматтарды "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген лауазымды адам "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбестен тағайындай алады.


Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...69 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ