Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
25-бап. Мемлекеттік лауазымды "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өзгерту



Ст. 25 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ



1. Мемлекеттік лауазым "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өзгертілген жағдайда: 

1) мемлекеттік лауазымды "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервінде тұрған адам конкурстық іріктеу негізінде алмастырады; 

2) мемлекеттік лауазымды алмастыру мерзімін уәкілетті комиссия белгілейді; 

3) осы мемлекеттік лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметші мемлекеттік лауазым осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес алмастырылғанға дейін осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мерзім өткенге дейін жұмысын жалғастыруға құқылы. 

2. Мемлекеттік лауазымы "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өзгертілген мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік орган оның біліктілігіне сәйкес және бос орынның болуына қарай мемлекеттік лауазым ұсынады. 

Мемлекеттік қызметші жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда қызметтен шығарылуға тиіс. Бұл ретте мемлекеттік орган кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметшіге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлейді. 

5-тарау. "Б" КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМЫНА
ОРНАЛАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Статья 1 ...24 24-1 25 26 27 ...69 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 25-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ