Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 29 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
29-бап. Ішкі конкурс

1. "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына, төменгіні қоспағанда, орналасу үшін мемлекеттік орган ішкі конкурс өткізеді, оған осы мемлекеттік органның, оның ведомстволарының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда айқындалған өзге адамдар да қатысуға құқылы. 

Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда ішкі конкурс көрсетілген қызмет немесе комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі. 

1-1. Орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері өткізетін ішкі конкурстарға орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ осы орталық мемлекеттік органның өзге де аумақтық бөлімшелерінің, оның ведомстволарының және осы ведомстволар аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы. 

1-2. Орталық мемлекеттік органның ведомствосы өткізетін ішкі конкурстарға осы орталық мемлекеттік органның және оның ведомстволарының, орталық мемлекеттік орган және оның ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы. 

1-3. Орталық мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері өткізетін ішкі конкурстарға осы орталық мемлекеттік органның және оның ведомстволарының, орталық мемлекеттік орган және оның ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы. 

1-4. Жергілікті атқарушы орган және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өткізетін ішкі конкурсқа осы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы. 

2. Конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылар болмаған кезде осы Заңның 28-бабына сәйкес жалпы конкурс өткізіледі. 

2-1. Алып тасталды - ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Алып тасталды - ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4. Алып тасталды - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4-1. Мемлекеттік орган құрылған кезде ішкі конкурс өткізілмейді. 

5. Алып тасталды - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2016 № 33-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.03.2023 № 214-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...69

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться