Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
3-бап. Осы Заңның қолданылуы

Ст. 3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Осы Заңның күші: 

1) Қазақстан Республикасының Конституциясында, конституциялық заңдарында немесе өзге де заңнамалық актiлерiнде олар үшiн өзгеше құқықтық мәртебе айқындалған жағдайларды қоспағанда, барлық мемлекеттiк қызметшiлерге; 

2) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде реттелмеген бөлігінде жергілікті өкілді органдар тағайындайтын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланатын мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге; 

3) Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамалық актілерінде көзделген ерекшеліктері бар құқық қорғау қызметін өткеріп жүрген мемлекеттiк қызметшiлерге қолданылады. 

2. Осы Заңның күші: 

1) техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарға; 

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілеріне; 

3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты негізінде қызметін мемлекеттік органдарда жүзеге асыратын адамдарға, оның ішінде мемлекеттік органдардың шетелдік жұмыскерлеріне қолданылмайды.
Статья 1 2 3 4 5 ...69

Перейти к статье






Добавить комментарий к 3-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ