Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
35-бап. Көтермелеу



Ст. 35 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ



1. Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша қолданылады. 

Мемлекеттік қызметшілерге мынадай көтермелеулер қолданылуы мүмкін: 

1) біржолғы ақшалай сыйақы беру; 

2) алғыс жариялау; 

3) бағалы сыйлықпен марапаттау; 

4) грамотамен марапаттау; 

5) құрметті атақ беру; 

6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау. 

2. Нақ сол ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге бір ғана көтермелеу қолданылуы мүмкін. 

Көтермелеулерді қолдану тәртібі мемлекеттік органдардың актілерінде белгіленеді. 

3. Мемлекеттік қызметшілерді ерекше еңбек сіңіргені үшін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсынуға болады.

Статья 1 ...33 34 35 36 37 ...69 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 35-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ