Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
49-бап. Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау бойынша қойылатын талаптар



Ст. 49 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ




1. Мемлекеттік қызметшілер:

1) заңдылық қағидатын басшылыққа алуға;

2) мемлекеттік саясатты жақтауға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, өзінің әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттік қызметке кір келтіретіндей әрекеттер жасауға жол бермеуге;

3) мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;

4) жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға;

5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;

6) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден лауазымдық өкілеттіктерінен тыс тапсырмалар орындауын талап етпеуге;

7) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінде көзделген өзге де әдеп қағидаларын сақтауға міндетті.

2. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы осы Заңда белгіленген тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады.

3. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мониторинг жүргізу мен бақылауды әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асырады. Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережені уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін үйлестіруді және әдіснамалық қамтамасыз етуді уәкілетті орган жүзеге асырады.


Статья 1 ...47 48 49 50 51 ...69 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 49-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ