Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк статистика туралы
16-бап. Әкімшілік дереккөздердің құқықтары мен міндеттері



Ст. 16 Мемлекеттiк статистика туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV




1. Әкімшілік дереккөздердің осы Заңның 26-бабына сәйкес ресми статистикалық ақпаратты алуға құқығы бар.

2. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыруға және шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігін қамтамасыз етуге міндетті.

3. Әкімшілік дереккөздер:

1) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган әзірлеген мемлекеттік сыныптауыштарды қолдануға;

2) уәкілетті органмен әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін келісуге;

 3) әкімшілік деректерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өтеусіз негізде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органға банктік құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, әкімшілік деректерді ұсынады.

 Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк статистика туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 16-бап Мемлекеттiк статистика туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV