Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк статистика туралы
22-бап. Статистикалық әдіснама



Ст. 22 Мемлекеттiк статистика туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV



1. Статистикалық ақпаратты қалыптастыру статистикалық әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Ведомстволық статистикалық байқаулар және статистикалық ақпаратты қалыптастыру жөніндегі статистикалық әдіснаманы мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар әзірлейді және оны осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, уәкілетті орган бекітеді.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі және олардың статистикалық ақпаратты қалыптастыруы жөніндегі статистикалық әдіснаманы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлейді және оны уәкілетті органмен келісе отырып бекітеді.

4. Статистикалық әдіснама ғылыми әдістер мен көзқарастар негізінде әзірленеді, оны мемлекеттік статистика органдары таратады және ол қолжетімді болуға тиіс.

5. Мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың статистикалық әдіснаманы қалыптастыруға араласуына жол берілмейді.

Статья 1 ...20 21 22 23 23-1 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк статистика туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-бап Мемлекеттiк статистика туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV