Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк статистика туралы
23-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия



Ст. 23-1 Мемлекеттiк статистика туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV



1. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополияға мынадай қызмет түрлері:

1) жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулар және ұлттық санақтар кезінде алынған, аумақтық статистика органдары мен респонденттер ұсынған бастапқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және оларды электрондық түрде сақтау;

2) ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың тұғырнамаларын, статистика тіркелімдерін, уәкілетті органның интернет-ресурсын қалыптастыру, сүйемелдеу және оларды өзекті ету;

3)статистикалық жарияланымдарды қалыптастыру және статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес уәкілетті органның таратуына жататын ресми статистикалық ақпаратты тарату;

4) ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыру жатады.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.

 Ескерту. 3-тарау 23-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...22 23 23-1 24 25 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк статистика туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 23-1-бап Мемлекеттiк статистика туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV