Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мемлекеттiк статистика туралы

Мемлекеттiк статистика туралы
27-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық



Ст. 27 Мемлекеттiк статистика туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV



1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы
заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
жауаптылыққа әкеп соғады.

 2. Мемлекеттік статистика органдарының жұмыскерлері респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) дерекқорды жоғалтқаны, сатқаны, бергені және өзге де заңсыз жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.

3. Мемлекеттік статистика органдары қызметкерлерінің немесе олардың лауазымды адамдарының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді не статистикалық ақпаратты және (немесе) деректер базаларын жоғалтуы, жария етуі салдарынан жеке немесе заңды тұлғаға келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелуге жатады.

Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...25 26 27 28 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 27-бап Мемлекеттiк статистика туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV