Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мемлекеттiк статистика туралы

Мемлекеттiк статистика туралы
5-бап. Мемлекеттік статистиканың принциптері



Ст. 5 Мемлекеттiк статистика туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV



Мемлекеттік статистиканың негізгі принциптері:

1) мемлекеттік статистиканың жалпы жұрт қабылдаған халықаралық стандарттармен, сыныптамалармен және әдістермен үйлесімді және салыстырмалы болуы;

2) статистикалық қызметті жүзеге асыру кезіндегі кәсіптік тәуелсіздік және дербестік;

3) пайдаланушылардың ресми статистикалық ақпаратқа теңдей қол жеткізуін қамтамасыз ету;

4) алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығы және олардың тек қана статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылуы;

5) сапасын, уақтылығын, шығындарды және респонденттерге жүктемені ескере отырып, ақпарат дереккөздерінің барлық түрлерін пайдалану;

6) ресми статистикалық ақпараттың дәйектілігі, ғылыми негізділігі, уақтылы берілуі мен жалпыға бірдей қолжетімділігі;

7) статистикалық ақпараттың, алғашқы статистикалық және әкімшілік деректердің сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...28 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Мемлекеттiк статистика туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV