Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мемлекеттiк статистика туралы

Мемлекеттiк статистика туралы
6-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясат



Ст. 6 Мемлекеттiк статистика туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV



1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясаты мемлекеттік статистиканы жасауға, жұмыс істетуге, дамытуға және жетілдіруге бағытталған.

2. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясат мемлекеттік статистиканың принциптеріне негізделеді.

3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға өздерінің осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған құзыреті шегінде қатысады.

4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар өздерінің қызметінде ресми статистикалық ақпаратты дереккөзге сілтеме жасай отырып пайдаланады, қандай да бір әлеуметтік-экономикалық объект немесе құбылыс бойынша ресми статистикалық ақпаратты алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана ол бойынша өзге ақпаратты жинайды және пайдаланады.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...28 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-бап Мемлекеттiк статистика туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV