Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы
21-1-бап. Әскери қызметшілердің, запастағы азаматтардың олардың әскери жиындардан өтуі кезінде, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері, құрамалары немесе мемлекеттік мекемелері азаматтық персоналдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету



Ст. 21-1 Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 72



Әскери қызметшілердің, запастағы азаматтардың олардың әскери жиындардан өтуі кезінде, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері, құрамалары немесе мемлекеттік мекемелері азаматтық персоналдарының қауіпсіздігі Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдеріндегі, құрамаларындағы немесе мемлекеттік мекемелеріндегі әскери қызметті өткеру және жұмыстың ерекшеліктерін ескере отырып, осы Заңда белгіленген қауіпсіздік шараларын қолдану жолымен қамтамасыз етіледі.

Қорғалатын адамға қатысты, қорғалатын адамды жаңа әскери қызмет орнына, оның ішінде Қарулы Күштердің, Қазақстан Республикасының заңнамасында әскери қызмет көзделген басқа мемлекеттік органның басқа да әскерлері мен әскери құралымдардың әскери бөліміне немесе мемлекеттік мекемесіне ауыстыру, шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жатқан қорғалатын адамға қатер төндіруі мүмкін әскери қызметшіні, егер оның әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, басқа әскери бөлімге, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың басқа мемлекеттік мекемесіне іссапарға жіберу немесе ауыстыру сияқты қауіпсіздік шаралары да қолданылуы мүмкін.

Қорғалатын адамды іссапарға жіберу және ауыстыру оның жазбаша түрде берген келісімімен жүзеге асырылады. Ауыстыру кезінде әскери қызметші тең әскери лауазымға тағайындалады, бұл ретте оны негізгі немесе бірдей бейінді әскери есепке алу мамандығымен пайдалану қамтамасыз етілуге тиіс.

Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын өзге де органдар қорғалатын адамның қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз етуде әскери бөлімнің қолбасшылығына немесе Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемесінің бастығына жәрдем көрсетеді.

  Ескерту. 21-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.04.07.  N 149-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...20 21 21-1 21-2 22 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 72 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-1-бап Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 72