Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы
21-бап. Қауiпсiздiк шараларын қолдану мен жүзеге асыру



Ст. 21 Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 72




Осы Заңның 7-бабында көзделген қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз етудi:  

1) 1), 2), 3), 7), 8), 9) және 10) тармақшалар бойынша - қылмыстық iстi жүргiзiп жатқан органдар;  

2) 12) тармақша бойынша - уәкілетті мемлекеттік органдар;  

3) 4) 5) және 6) тармақшалар бойынша - соттар;  

4) 13) тармақша бойынша - қажет болған жағдайда денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi мемлекеттiк органмен бiрлесе отырып, қылмыстық iстi жүргiзiп жатқан орган;  

5) 11) тармақша бойынша - жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесе отырып, қылмыстық iстi жүргiзiп жатқан орган жүзеге асырады.  

Әскери соттардың судьяларына, прокурорларға, әскери полицияның, әскери-тергеу бөлiмшелерiнiң әскери қызметшiлерiне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстарына қатысты қауiпсiздiк шараларын тиiстi әскери бөлiмнiң қолбасшылығы немесе тиiстi әскери мекеменiң бастығы да жүзеге асыра алады.  

Мемлекеттік органдар және мемлекеттік ұйымдар, өз құзыреттерi шегiнде, қауiпсiздiк шараларын қолдану туралы шешiм қабылдаушы және қауiпсiздiк шараларын жүзеге асырушы органдарға осы Заңның нормаларын орындауда жәрдем көрсетуге мiндеттi.  

Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.04.07. N 149-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.


Статья 1 ...19 20 21 21-1 21-2 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 72 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-бап Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 72