Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) бұзушылықтар – Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған мемлекеттік аудит объектілерінің актілеріне қайшы келетін іс-әрекеттер (әрекеттер немесе әрекетсіздік); 

2) бұзушылықтар сыныптауышы – құқықтың бұзылған нормалары және оларға сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық түрлерi көрсетiле отырып, мемлекеттік аудит барысында анықталатын бұзушылық түрлерiнiң тiзбесiн, сондай-ақ осы бұзушылықтарды жою тәсiлдерiн қамтитын құжат; 

3) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар; 

4) кемшіліктер – бұзушылықтарға жол беру мүмкіндігіне жағдайлар (бұзушылықтардың туындау тәуекелін) жасайтын іс-әрекеттер (әрекеттер немесе әрекетсіздік); 

5) қаржылық бақылау – мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған қызмет; 

6) мемлекеттік аудит – тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген, бюджеттік қаражатты, мемлекет, мемлекеттік аудит объектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен, оның ішінде бюджетті атқаруға байланысты басқа қызметпен тартылатын қарыздарды басқару және пайдалану тиімділігін талдау, бағалау және тексеру; 

7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектілері) – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар; 

8) мемлекеттік аудитор – мемлекеттік аудитті және (немесе) қаржылық бақылауды жүзеге асыратын, мемлекеттік аудитор сертификаты бар мемлекеттік қызметші, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі; 

8-1) мемлекеттік аудитордың ассистенті - мемлекеттік аудитке қатысуға құқығы бар, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудиторлық қызмет саласында кәсіптік білімі бар мемлекеттік қызметші, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі және мемлекеттік органның құзыреті шегінде өзге саладағы (қызмет аясындағы) маман; 

9) мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары (бұдан әрі – Кәсіби әдеп қағидалары) – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік аудиторлардың мінез-құлқының әдеп қағидаларының бірыңғай жиынтығы; 

10) электрондық мемлекеттік аудит – ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан жүзеге асырылатын мемлекеттік аудит. 

Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.01.2018 № 135-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 ...62

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться