Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
17-бап. Мемлекеттік аудитті жүргізу рәсімі



Ст. 17 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ



1. Мемлекеттік аудит мынадай өзара байланысты кезеңдерден тұрады:

1) егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде мемлекеттік аудит ұйымдастыруды көздейтін тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру;

2) жеке мемлекеттік аудитті жоспарлау және оны жүргізу;

3) мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау және құжаттар жасау.

2. Мемлекеттік аудит жүргізу мерзімін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы мемлекеттік аудиттің типіне, алдағы жұмыстардың көлемдеріне, мемлекеттік аудитпен қамтылатын қаражат көлемдеріне, мемлекеттік аудит объектілерінің санына қарай, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің тиісті қағидаларында көзделген шеңберде белгілейді.

3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы мемлекеттік аудитордың жазбаша өтінішхаты бойынша мемлекеттік аудит жүргізу мерзімін ол аяқталғанға дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне тиісті өзгерістер енгізе отырып ұзартуы мүмкін.

4. Мемлекеттік аудит шеңберінде мынадай тексерулер жүргізіледі:

1) үстеме тексеру – тексеріліп отырған мәселе шеңберінде, негізгі мемлекеттік аудит объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізілетін, үшінші тұлғаларды тексеру. Үшінші тұлғалар ретінде бюджетке түсетін түсімдерді қалыптастыруға қатысатын және (немесе) бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, байланысты гранттарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдаланатын, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті басқару мен пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін;

2) бірлескен тексеру – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен және (немесе) мемлекеттік органдармен, оның ішінде басқа елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдарымен келісілген мерзімдерде бірыңғай бағдарлама және мемлекеттік аудит тобы шеңберінде бірлесіп жүргізілетін тексеру, оның нәтижелері бойынша бірыңғай қорытынды құжат қабылданады;

3) қатар тексеру – кейіннен тексерулер нәтижелерімен алмаса отырып, басқа мемлекеттік органдар, оның ішінде басқа елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдары келісілген мәселелер мен жүргізу мерзімдері бойынша дербес жүргізетін тексеру.

5. Қазақстан Республикасының заңдарында қызметтің жекелеген салаларына тексеруді ұйымдастыру және оны жүргізу тәртібінің ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.

6. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктер шегінде электрондық мемлекеттік аудит жүргізуге жол беріледі.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...62 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ