Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
25-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттардың мониторингі



Ст. 25 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ



1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары өздері аудиторлық қорытындыда берген ұсынымдардың және міндетті түрде орындалуға бағытталған нұсқамалардың мониторингін жүйелі негізде жүзеге асырады.

2. Ұсынымдардың қаралу нәтижелері туралы және нұсқамалардың орындалуы туралы ақпаратты мемлекеттік аудит объектісі және өзге де мүдделі тұлғалар растау құжаттарын қоса бере отырып, тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органына тиісті құжаттарда көрсетілген мерзімдерде жіберуге міндетті.

3. Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамаларын орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылықта болады. 
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗГЕ ДЕ БАҒЫТТАРЫ

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...62 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 25-бап Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ