Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
28-бап. Ағымдағы бағалау



Ст. 28 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ



1. Ағымдағы бағалау Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, мәслихаттар мен әкімдер үшін тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жедел ақпаратты қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады.

Есеп комитеті мен тексеру комиссиялары бюджеттердің атқарылу процесінде тиісті бюджет кірісіне салықтық және салықтық емес түсімдердің толықтығын және уақтылығын, тиісті бюджет туралы заңның (мәслихат шешімінің) бекітілген көрсеткіштерімен салыстыра отырып, бюджет қаражатының нақты жұмсалуын талдайды, ауытқу себептерін және олармен байланысты бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасы заңнамасының жетілмегендігін анықтайды, оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізеді.

2. Ағымдағы бағалауды жүргізу кезінде жүргізілген мемлекеттік аудит материалдары, сондай-ақ жедел есептілікті және тиісті мемлекеттік органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және квазимемлекеттік сектор субъектілері электрондық нысанда Есеп комитеті мен тексеру комиссияларына ұсынатын ақпаратты өңдеуге және талдауға негізделген талдамалық ақпарат, оның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқор арқылы:

1) нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерді, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкі нәтижелер туралы есептерді;

2) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын;

3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын;

4) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын;

5) осындай өзгерістердің негіздемелерімен бірге осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға енгізілген өзгерістерді;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаржылық есептіліктің барлық нысандарын қоса алғанда, пайдаланылады.

3. Ағымдағы бағалау нәтижелері тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру кезінде ескеріледі.

Статья 1 ...26 27 28 29 30 ...62 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 28-бап Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ