Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
31-бап. Камералдық бақылау нәтижелері анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама



Ст. 31 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ



1. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресімдейді және бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде растайтын материалдармен қоса мемлекеттік аудит объектілеріне жібереді.

2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны ол тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісі орындауға тиіс.

3. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықты жіберу мен қарау тәртібі камералдық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалады.

4. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тексерілетін тұлғаға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде дербес жойылған жағдайда, лауазымды адам әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...62 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 31-бап Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ