Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
35-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқор



Ст. 35 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ



1. Мемлекеттік аудит жүргізген кезде басқару процестерін оңтайландыру, қайталануды болғызбау және мемлекеттік аудит нәтижелерін тануды қамтамасыз ету үшін «электрондық үкімет» жүйесімен және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқор (бұдан әрі – бірыңғай дерекқор) жұмыс істейді.

Бірыңғай дерекқорды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау тәртібін Есеп комитеті мен тиісті мемлекеттік органдар бірлесіп айқындайды.

2. Бірыңғай дерекқор мемлекеттік аудиттің мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі, нәтижелері, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдау қызметі бойынша бүкіл ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажетті өзге де ақпаратты қамтиды. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына бірыңғай дерекқорға тиісті рұқсат деңгейі беріледі.

3. Тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру үшін мемлекеттік аудит объектілері, оның қаржылық және өзге де көрсеткіштері жөніндегі ақпарат бірыңғай дерекқорға шоғырландырылады.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бірыңғай дерекқорға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде орналастыруға міндетті.

Мемлекеттік аудит объектілері бірыңғай дерекқорды толықтыру үшін қажетті сұратылатын ақпаратты ұсынуға міндетті.

Бірыңғай дерекқорды Есеп комитеті әкімшілендіреді, оның тиімді жұмыс істеуі, ондағы орналастырылған ақпараттың сақталуы мен қауіпсіздігі үшін жауапты болады.

Мемлекеттік аудит объектілері бірыңғай дерекқорды қалыптастыру үшін ұсынылатын деректердің анықтығы мен толықтығы үшін жауапты болады. 
5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТКЕ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Статья 1 ...33 34 35 36 37 ...62 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 35-бап Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ