Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
48-бап. Тексеру комиссиясы төрағасының, тексеру комиссиясы мүшелерінің өкілеттіктері



Ст. 48 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ



1. Тексеру комиссиясының төрағасы:

1) жалпы басшылықты жүзеге асырады және тексеру комиссиясына жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады;

2) тексеру комиссиясының тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелерін бекітеді;

3) тексеру комиссиясы мен тексеру комиссиясының аппараты мүшелерінің жұмысын ұйымдастырады;

4) бекітілген штат саны мен жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде тексеру комиссиясы аппаратының құрылымы мен штат кестесін бекітеді.

Облыстың тексеру комиссиясы төрағасының шешімі бойынша тиісті мәслихатқа аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті беру облыстың тексеру комиссиясы мүшелерінің біріне жүктелуі мүмкін.

2. Тексеру комиссиясының мүшелері:

1) тексеру комиссиясының аудиторлық, сараптамалық-талдау, ақпараттық және өзге де қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

Статья 1 ...46 47 48 49 50 ...62 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 48-бап Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ