Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
60-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының құқықтық актілеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі

Ст. 60 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы баптың 3-тармағында көзделген талаптар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. 

2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бюджеттік қаражатты мақсатсыз және (немесе) негізсіз пайдаланудың анықталған фактілеріне байланысты құқықтық актілеріне шағым жасау оларды орындауды тоқтата тұрмайды. 

3. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттарына және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларына шағым жасаған кезде туындайтын дауларды апелляциялық реттеу осы Заңда көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.  

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда дауларды апелляциялық реттеу міндетті болып табылады. 

Ескерту. 60-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.01.2018 № 135-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...58 59 60 60‑1 60‑2 ...62

Перейти к статье






Добавить комментарий к 60-бап Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ