Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 134 Мемлекеттiк мүлiк туралы 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Мемлекеттiк мүлiк туралы
134-бап. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің мақсаты

1. Осы Заңның 133-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кәсіпорындар құрылуы мүмкін, ал бұрын құрылғандары осы бапта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін ғана жұмыс істеуі мүмкін. 

2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар өз қызметін: 

1) елді мекендердің тіршілігін (энергиямен, газбен, сумен, жылумен жабдықтау, су бұру және коммуналдық қалдықтарды көму, қалдықтар полигондарын құру және пайдалану) қамтамасыз ету; 

2) табиғат пайдаланудың және орман өсірудің шектеулі режимі бар орман саябақтары, жасыл және қорғаныш аймақтарын құру; 

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы мен оның ведомстволарының және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының өздеріне жүктелген функцияларын, сондай-ақ астананың және Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды, оларды ғимараттардан (құрылыстардан, құрылысжайлардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы функцияларын жүзеге асыруына ықпал ету; 

4) мемлекеттік автомобиль жолдарын күтіп ұстау; 

4-1) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасау, сондай-ақ жол активтерін басқару; 

5) денсаулық сақтау; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру; 

5-1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) үшін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну; 

5-2) протездік-ортопедиялық және есту протездік көмек көрсету; 

5-3) халықты жұмыспен қамту саласында қызметтер көрсету; 

6) спорттық-сауықтыру объектілерін, мәдениет және демалыс саябақтарын пайдалану; 

7) ғылыми зерттеулер, ғылыми қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру; 

7-1) заңнамалық актілердің жобаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптаманы қамтамасыз ету, заңнаманың тиімділігін талдауды (нормативтік құқықтық актілерді талдауды), Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытудың ғылыми тұжырымдарын әзірлеуді, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу кезінде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз ету; 

7-2) заңнамалық актілерді ағылшын тіліне аударуды және оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету; 

8) топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу, мемлекеттік жер кадастры үшін жерге орналастыру жұмыстарын, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы ақпараттық дерекқорды, экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын және Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларын, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерінің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу; 

9) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларын күтіп-ұстау, пайдалану, жөндеу және реконструкциялау, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

10) өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині, карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік фитосанитариялық сараптамасы; 

11) тарих және мәдениет ескерткіштерін ғылыми зерттеу, консервациялау, реставрациялау, қайта жасау, жөндеу және бейімдеу жөніндегі жұмыстарды орындау; 

12) теңіз портының қызметі; 

13) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушыларға аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұсыну; 

14) мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

15) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15) техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында және стандарттау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру; 

15-1) экономика, құрылыстағы баға белгілеу және басқару саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру; 

16) қылмыстық-атқару жүйесі саласында өндірістік қызметті жүзеге асыру және сотталғандардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру; 

17) алып тасталды - ҚР 2013.01.29 N 74-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

18) мынадай функцияларды: 

жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функцияны; 

эпизоотиялық мониторингті; 

Сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының ұлттық коллекциясын жүргізуді; 

ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарынан, байқаудан өткізуді, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылауды; 

тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингті, референцияны; 

ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін; 

жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар өткізуді; 

ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді; 

ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді; 

жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді; 

құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды; 

қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды; 

ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізуді, ұсынуды; 

ветеринариялық анықтама беруді; 

ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді; 

биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді; 

ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді; 

микроорганизмдердің штамдарын депонирлеуді; 

жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған аса қауіпті және экзотикалық ауруларын диагностикалауды жүзеге асыру; 

19) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

20) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

20-1) пайдаланылмайтын мүлікті өткізу (оның ішінде экспорттау), құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, қорғаныс объектілерін жалға беру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мұқтаждары, мемлекеттік материалдық резерв, жұмылдыру, ғарыш қызметі үшін әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алу (оның ішінде импорттау), сондай-ақ әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) экспорттау; 

21) алып тасталды - ҚР 08.04.2016 № 490-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

22) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

23) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу; 

24) төтенше және авариялық жағдайларда жүргізілетін тау-кен құтқару, бұрқаққа қарсы, газдан құтқару, профилактикалық жұмыстарды, сондай-ақ өртті сөндіруге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге байланысты жұмыстарды және басқа да авариялық-құтқару жұмыстарын орындау; 

25) метрополитенді пайдалану (күтіп-ұстау, дамыту), сондай-ақ метрополитенмен жолаушылар мен багаж тасымалын іске асыру; 

26) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);

27) азаматтық қорғаныстың арнаулы инженерлік іс-шараларын орындау; 

28) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында жүзеге асырады. 

3. Қазыналық кәсіпорындар өз қызметін: 

1) алып тасталды - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2) денсаулық сақтау; 

3) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру; 

3-1) егер олар Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдары болса, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; 

4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, мәдениет және спорт; 

4-1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) үшін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну; 

4-2) протездік-ортопедиялық және есту протездік көмек көрсету; 

5) ғылыми зерттеулер; 

6) биологиялық әртүрлілікті және тектік қорды сақтау мақсатында жануарлар, өсімдіктер дүниесі объектілерін қорғауды, тұрақты пайдалануды, молайтуды және жасанды түрде өсіруді, сондай-ақ табиғатты (зоологиялық саябақтарды, ботаникалық бақтарды, дендрологиялық саябақтарды) қорғауды, орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету; 

7) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

8) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) үшін арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету; 

9) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

10) кемелерді сыныптау және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

11) сот-сараптама қызметі саласында жүзеге асырады. 

3-1. Жергілікті атқарушы органдар құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында көрсетілген ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. 

4. Мемлекеттік кәсіпорындарға – табиғи және мемлекеттік монополиялар субъектілеріне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады. 

Ескерту. 134-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 N 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.29 N 74-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2014 N 167-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.07.2014 N 236-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.04.2016 № 490-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...132 133 134 135 136 ...220

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться