Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 184 Мемлекеттiк мүлiк туралы 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Мемлекеттiк мүлiк туралы
184-бап. Акциялары ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, сондай-ақ ұлттық компанияларға тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың қызметін жоспарлау

1. Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер және ұлттық компаниялар даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлейді. 

Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары негізінде он жылға әзірленеді. 

Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары олардың даму стратегияларын іске асыруы мақсатында бес жыл мерзімге әзірленеді. 

2. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары: 

1) олардың стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, қызметі нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды; 

2) акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) өздеріне тиесілі заңды тұлғалардың, оның ішінде ұлттық компаниялардың даму стратегиялары ескеріле отырып әзірленеді. 

Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауының ережелері ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму стратегияларын түзету үшін негіз болып табылуы мүмкін. 

Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму стратегияларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

3. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары: 

1) инвестицияларды, табыстарды, шығыстарды, қарыздарды, дивидендтерді және басқа да мәліметтерді қоса алғанда, мақсаттарды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштерін және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін қамтиды; 

2) акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) өздеріне тиесілі заңды тұлғалардың, оның ішінде ұлттық компаниялардың даму жоспарларын ескере отырып әзірленеді. 

4. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарлары жобаларының Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында баяндалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі, сондай-ақ әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында көрсетiлген бюджет параметрлерiне сәйкестiгi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісіледі. 

5. Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын олардың директорлар кеңесі бекітеді. 

Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын олардың директорлар кеңесі бекітеді. 

6. Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар үшiн даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 

7. Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. 

Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының іске асырылуын бағалауды олардың директорлар кеңесі жүзеге асырады. 

Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының iске асырылу мониторингi мен оны бағалау тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 

Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы бойынша есептi ұсыну тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 

8. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиясының іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың бірінші басшылары жауапты болады.  

Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеуге, олардың іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігіне, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептің уақтылы ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың атқарушы органдары жауапты болады. 

Акционері ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер болып табылатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеуге, орындауға ұлттық компаниялардың атқарушы органдары жауапты болады. 

9. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компаниялар қызметінің нәтижелерін тыңдауды акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган жыл сайынғы негізде жүзеге асырады. 

Акционерлері ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер болып табылатын ұлттық компаниялар қызметінің нәтижелерін тыңдауды ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің директорлар кеңесі жыл сайынғы негізде жүзеге асырады. 

Акционері Ұлттық әл-ауқат қоры болып табылатын ұлттық компанияларды қоспағанда, ұлттық компаниялардың қызметін тыңдау нәтижелері туралы есеп осы тармаққа сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға табыс етіледі. 

Ескерту. 184-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.01 N 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...182 183 184 185 186 ...220

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться