Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 211 Мемлекеттiк мүлiк туралы 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Мемлекеттiк мүлiк туралы
211-бап. Мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын органдар

1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай мүлiкті: 

1) тәркіленген мүлікті; 

2) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды; 

3) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбелерді; 

4) осы Заңның 216-бабының 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік қызметшілер және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері берген сыйлықтарды; 

5) республикалық меншікке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеусіз өткен мүлікті, оның iшiнде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады. 

2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мынадай мүлікті: 

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған; 

2) мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен, сондай-ақ иесіз қалған мүлікті; 

3) олжаларды; 

4) қараусыз қалған жануарларды; 

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінде ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын; 

6) мәдени құндылықтарға жататын заттарды қамтымайтын көмбелерді (қазыналар үлесін); 

7) тәркіленген; 

8) сот актілері негізінде мемлекеттің кірісіне айналдырылған заттай дәлелдемелерді есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. 

2-1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша түскен мүлікті одан әрі пайдалану, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, оны өткізу арқылы жүзеге асырылады. 

4. Осы бапта көрсетілген негіздер бойынша мемлекет алған мүлікті заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға беруге тыйым салынады. 

Ескерту. 211-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

Статья 1 ...209 210 211 212 213 ...220

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться