Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 94 Мемлекеттiк мүлiк туралы 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Мемлекеттiк мүлiк туралы
94-бап. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарудың түрлері

1. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару мынадай: 

1) мемлекеттік мүлікті аукцион және тендер нысанындағы сауда-саттықта сату, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсiмдер жолымен өтетін конкурс, туынды бағалы қағаздарды сату арқылы жекешелендіру; 

2) мемлекеттік мүлікті тiкелей атаулы сату арқылы жекешелендіру; 

2-1) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тікелей атаулы сату; 

3) осы тараудың 3-параграфында көзделген тәртіппен және жағдайларда мемлекеттік мүлікті сауда-саттық жүргізбестен иеліктен шығарудың өзге де тәсілдері түрлерінде жүзеге асырылады. 

2. Мемлекеттiк мүлiктi сатуға тiкелей алып келмейтін, бiрақ оның кейiннен сатылуын көздейтiн іс-әрекеттер (мемлекеттiк мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) тапсыру не оны тиiсiнше жалдаушының (жалға алушының) не сенiмгерлікпен басқарушының кейiннен сатып алу құқығымен сенiмгерлікпен басқаруға беру) жекешелендiрудiң түрлерi ретiнде емес, оның алдын ала жүргізілетін сатылары ретiнде қарастырылады. 

3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тек қана мемлекетке тиесілі мемлекеттік мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес иеліктен шығаруға жатпайтын мемлекеттік мүлік иеліктен шығару объектісі болмайды. 

4. Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша бекітеді. 

Ескерту. 94-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-параграф. Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру

Статья 1 ...92 93 94 95 96 ...220

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться