Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы
10-бап. Бақылау және қадағалау нысандары



Ст. 10 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV



1. Тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау және қадағалау:

1) ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі осы Заңда айқындалатын тексеру нысанында;

2) егер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын, алдын алу-профилактикалық сипатындағы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.

2. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде:

1) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдарына бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруға тыйым салынады;

2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелу және тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар ету талап етілмейді;

3) бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ тексерілетін субъектіге осы бұзушылықты жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша олардың түріне қарай қорытынды құжаттар (анықтама, нұсқама, қорытынды және басқалары) жасалады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің күші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарына қолданылмайды.

Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау мүмкін емес бөлігінде осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.

3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары:

1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген;

2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген;

3) егер бару «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерумен байланысты болған;

4) құрылыс-монтаждау жұмыстарына үйлер мен ғимараттардың тіреу және қоршау конструкцияларын тұрғызу мен өзгертуге қойылатын талаптарға сәйкестігіне инспекциялау жүргізілген;

5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын бақылау жүзеге асырылған;

6) ішкі істер органдары Қазақстан Республикасында қару мен оның патрондары айналымының қағидаларын сақтау мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асырған;

7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтау бойынша бақылау жүзеге асырылған;

8) тексерілетін субъект рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты емес өз қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны (ақпаратты) алуы үшін бастамашылықпен жүгінген;

9) егер бару «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүргізілетін өнім қауіпсіздігі мониторингін жүзеге асыру үшін өнімдерді іріктеумен байланысты болған;

10) карантинді объектілердің және аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарын анықтауға аумақтарды зерттеп-қарау жүргізілген;

11) егер бару Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес астық сапасын айқындау үшін қабылдау, тиеп-жөнелту және оның сандық-сапалық есебі кезінде астықтың, сондай-ақ астық қабылдау кәсіпорындарында сақтаулы мемлекеттік астық ресурстарының сынамаларын іріктеуге байланысты болған жағдайларда жүргізіледі.

4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын бару арқылы жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъект (объект) тұрған жердегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарды оларды жүргізгенге дейін хабардар етеді.

5. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын талдау нәтижелері ішінара тексеру жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз болып табылады.

Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...31 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV