Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы
12-бап. Тексерулердің жалпы мәселелері



Ст. 12 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV




1. Тексерілетін субъектіні тексеру – бақылау және қадағалау органдары мынадай:

1) мемлекеттік органның лауазымды адамының тексерілетін субъектіге (объектіге) баруы;

2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде қажетті ақпаратты талап етуді қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажетті ақпаратты сұрату;

3) осы Заңның 5-бабына сәйкес тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту сияқты іс-әрекеттердің бірін жасау арқылы жүргізетін бақылау және қадағалау нысандарының бірі.

2. Тексерілетін субъектілердің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы тексерудің нысанасы болып табылады.

 3. Осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарын, 29-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге;

2) Кеден одағының кедендік шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын жеткізу орындарында, кедендік ресімдеу аяқталатын орындарда өсімдіктер карантині, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық бақылау саласында бақылау және қадағалау жүргізуге;

3) жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарын сақтауға;

4) көліктегі қауіпсіздік талаптарын сақтау нысанасында көліктік бақылау бекеттерінде автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуіне;

5) Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңдарына сәйкес кемелерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың орындалуын бақылауға және қадағалауға;

6) жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауына;

7) жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнім мен шикізатты өткізетін ішкі сауда объектілерінде, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізаттарды бірыңғай технологиялық циклде өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсімдіктер карантині бойынша бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;

8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсімдіктер дүниесі объектілерінің санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында;

8-1) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат беру шарттарының, балықтардың белгіленген кәсіпшілік өлшемінің, балық аулау мөлшерлерінің және құрал түрлері мен тәсілдерінің, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулардың, кездейсоқ аулаудың сақталуына, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналының) жүргізілуіне;

9) карантинді аймақтарда және жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз пункттерде, карантинді объектілердің таралу ошақтарында іс-шараларды бақылауға және қадағалауға;

10) жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды сақтауына;

11) осы Заңның 6-бабының талаптары және ішкі істер органдары жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралары шеңберінде қарудың, жарылғыш заттардың, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың заңды айналымы саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуына;

12) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді жүзеге асыратын субъектінің аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес орнатылған акциздік бекеттер арқылы бақылауға, сондай-ақ этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спирті мен алкоголь өніміне бақылау есебінің жүргізілуіне;

13) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалауға;

14) монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын сақтауға;

 15) Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;

 16) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

 17) кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатуды, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

18) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр станцияларының энергетикалық жабдықтарын, 0,4 киловольттан асатын электр желілерін, белгіленген қуаттылығы 100 Гкал/сағаттан астам магистралдық жылу желілері мен қазандықтарды пайдалану және олардың техникалық жай-күйі жөніндегі талаптарды сақтауға;

19) жол бойындағы жолаушылар поездарында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауға;

20) жергілікті атқарушы орган белгілеген орындардан тыс жерде сауда жасауға;

21) орталық мемлекеттік органдардың, мәслихаттардың және әкімдіктердің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау талаптарын сақтауына;

22) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері және әскери құрамалары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар күзететін Қазақстан Республикасының объектілерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына бақылауды жүзеге асыруға;

23) халықтың көші-қоны саласындағы заңнама талаптарының сақталуына;

24) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның объектіге жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды олардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында баруына;

25) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тексеруіне;

26) көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қою қағидаларының сақталуын бақылауға байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.

Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 14), 15), 18) және 21) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда міндетті тіркелуге жатады.

4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тексерулерді жүргізу кезінде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледі.

5. Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртібінің, оларды жүргізу, ұзарту, тоқтата тұру мерзімдері, тексерулерді тағайындау, олардың нәтижелері мен аяқталуы туралы актіні ресімдеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалады.

6. Шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалар мен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, ішінара тексерулер жүргізуге тыйым салынады.

Осы тармақтың күшi:

1) жарылғыш заттардың айналысы мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;

2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;

3) атом энергиясына, радиоактивті заттарға;

4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.

 Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...31 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV