Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы
14-бап. Ведомстволық есепке алу



Ст. 14 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV



1. Реттеуші мемлекеттік органдар міндетті ведомстволық есептіліктің нысандарына қатысты актілерді әзірлейді және бекітеді.

Тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеру мәселелері бойынша міндетті ведомстволық есептіліктің нысандарын және бару арқылы жүргізілетін бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын – реттеуші мемлекеттік орган, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган басшыларының бірлескен актісімен бекітіледі.

2. Бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексерулердің санын және барумен жүргізілетін бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үзіліссіз негізде жүргізуге міндетті.

Ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері орталық және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында ай сайын жарияланады.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулер бойынша ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері реттеуші мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында тоқсан сайын жарияланады.

3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары бойынша ведомстволық есепке алу жүргізілмейді.

Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...31 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-бап Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV