Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы
15-бап. Тексеру парақтары



Ст. 15 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV



1. Тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртектес топтары үшін реттеуші мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде тексеру парақтарын бекітеді.

 Тексеру парақтарының нысандары реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

2. Тексеру парағы тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге әкеп соғатын талаптарды ғана қамтиды.

3. Тексеру парақтарында белгіленген талаптар тексерілуге жатады.

Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV