Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы
17-бап. Тексерулерді тағайындау туралы акт



Ст. 17 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV




1. Тексеру мемлекеттік органның тексеруді тағайындау туралы актісі негізінде жүргізіледі.

2. Тексеруді тағайындау туралы актіде:

1) актінің нөмірі мен күні;

2) мемлекеттік органның атауы;

3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болғанда) және лауазымы;

4) тексерулер жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәлімет;

 РҚАО-ның ескертпесі!

2013 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-тармағының 5) тармақшасындағы «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деп есептелсін (31-бапты қараңыз).

5) тексерілетін субъектінің атауы немесе өзіне қатысты тексеру тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болғанда), оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, аумағының учаскесі көрсетіледі.

Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкілдігін тексерген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы және орналасқан жері көрсетіледі.

6) тағайындалған тексерудің нысанасы;

7) тексеру жүргізудің мерзімі;

8) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;

9) тексерілетін кезең;

10) осы Заңның 27-бабында көзделген тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттері;

11) актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы және мемлекеттік органның мөрі көрсетіледі.


Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...31 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-бап Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV