Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 18 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV


Утратил силу

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы
18-бап. Тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу

 1. Жұмыскерлердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулерін, мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жүзеге асыратын үстеме тексерулердi қоспағанда, тексерудi тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда мiндеттi түрде тiркеледi.

Тексерулердi тағайындау туралы актiнi тiркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдердi басқарудың ведомстволық жүйелерiн қалыптастыру мен жетiлдiру үшiн пайдаланылады.

Тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеудің болуы осындай тексерудiң заңдылығына дәлел болып табылмайды.

Жұмыскерлердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулерін, мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын үстеме тексерулердi тағайындау туралы актiлер жөніндегі жалпы мәлiметтер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бөлінісінде тоқсан сайын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға берiледi.

 2. Бақылау және қадағалау органының тексеруді тағайындау туралы актісі тексерулер басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда, оны тексерілетін субъектінің орналасқан жері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсыну, оның ішінде электронды форматта ұсыну арқылы тіркеледі.

Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну туралы хабарлау тәртiбiн тiркеуді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.

3. Тексеруді жүргізу қажеттігі қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қауіпті дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты туындаған жағдайда, сондай-ақ тексерулерді жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізген кезде бұзушылықтарды жасау кезінде тікелей олардың жолын кесу қажеттігіне қарай және айғақтарды бекіту үшін кейінге қалдыруға болмайтын іс-қимылдар жасау үшін тексерулер тағайындау туралы актіні тіркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тексерулер басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...31

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться