Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 31 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV


Утратил силу

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртiбi

1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 17-бабы 2-тармағының 5) тармақшасындағы «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деп есептелсін.

 Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Қазақстан Республикасының

Президенті
Н. Назарбаев 
«Қазақстан Республикасындағы 
мемлекеттік бақылау және   
қадағалау туралы»

2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV
Қазақстан Республикасының 
Заңына қосымша
 

Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке
кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары


 Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 470-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.06 № 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 № 533-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 № 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.22 № 21-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.13 № 542-IV (2012.07.26 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 № 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңдарымен; 21.06.2013 № 106-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 

 1. Мемлекеттік бақылау:

1) электр энергетикасы саласында;

 1-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында;

2) жер қойнауын пайдалану саласындағы келісімшарттар талаптарының сақталуына;

3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында;

4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

4-1) газ және газбен жабдықтау саласында;

5) халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында;

6) мұнай операцияларын жүргізу саласында;

7) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуіне және айналымына;

8) атом энергиясы саласында;

9) автомобиль көлігі саласында;

10) темір жол көлігі саласында;

11) Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінде көлік құралдарының иелері мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласында;

12) көлік саласында;

12-1) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында;

12-2) ішкі су көлігі саласында;

13) өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңге және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуына экспорттық бақылау саласында;

14) техникалық реттеу саласында;

15) сәйкестікті бағалау саласындағы Қазақстан Республикасының аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына;

16) метрология саласында;

17) тұрғын үй қорын басқару саласында;

18) асыл тұқымды мал шаруашылығы және ара шаруашылығы саласында;

19) жануарлар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану саласында;

20) тұқым шаруашылығы саласында;

21) астық нарығын реттеу саласында;

22) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласында;

23) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласында;

24) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласында;

25) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;

26) мақтаның қауіпсіздігі және сапасы саласында;

27) жерді пайдалану мен қорғауға;

28) геодезиялық және картографиялық қызметке;

29) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында;

30) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

31) қалдықтармен жұмысқа;

32) міндетті экологиялық сақтандыруға;

33) алып тасталды - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

34) азаматтық қорғаныс саласында;

35) алып тасталды - ҚР 2012.06.22 № 21-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

36) өрт қауіпсіздігі саласында;

37) қызметі үшінші тұлғаларға нұқсан келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласында;

38) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласында;

39) көрсетілетін медициналық және арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасына;

40) халыққа жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егудің ұйымдастырылуына және өткізілуіне;

41) жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуына және өткізілуіне;

42) білім беру жүйесіне;

43) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңнамасының сақталуына;

44) еңбек туралы және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауға;

45) қызметкерді еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру саласында;

46) халықты жұмыспен қамту саласында;

47) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында;

48) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласында;

49) бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

49-1) телерадио хабарларын тарату саласында;

50) байланыс саласында;

51) ақпараттандыру саласында;

52) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

53) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуіне, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуына;

54) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде салықтық емес түсімдердің түсуіне;

55) трансферттік бағаларды қолдану кезінде;

56) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына;

57) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

58) валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға;

59) құзыреті шегінде қаржылық ұйымдардың қызметіне;

59-1) микроқаржы ұйымдарының қызметіне;

60) төлемдер және ақша аударымдары, вексель айналымдары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасы валюта заңнамасының сақталуына;

61) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

62) экономикалық шоғырлануға;

63) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына;

64) авторлық құқық және сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхема топологиясы объектілерін пайдалануға;

65) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтінін кейіннен жариялау саласында;

66) бағалау қызметі саласында;

67) табиғи монополиялар салаларында;

68) реттелетін нарық субъектілерінің табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндеттерді және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген, мемлекет реттеп отыратын бағалар енгізілетін өнімдер, тауарлар және көрсетілетін қызметтер номенклатурасы бойынша белгіленген бағаларды сақтауына;

69) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

70) жол жүрісі қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне;

71) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;

72) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

73) жарылғыш және улы заттарды, радиоактивті материалдар мен заттарды қолдану мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;

74) шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларының сақталуына;

75) күзет қызметіне;

75-1) күзет дабылы құралдарын монтаждау, орнату және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке;

75-2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері және әскери құрамалары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар күзететін Қазақстан Республикасының объектілерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды орындауына;

75-3) жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметіне;

76) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына;

77) көлік құралдарының иелері мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласында;

78) туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

79) аудиторлық қызмет және кәсіптік аудиторлық ұйымдар қызметі саласында;

80) ойын бизнесі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

81) тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

82) дене шынықтыру және спорт саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

83) спорт объектілерін пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі стандарттардың, қағидалар мен нормалардың сақталуы нысанасында;

84) спортта допингке қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне;

85) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында;

86) өңірлік қаржы орталығына қатысушылардың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне;

87) тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуына және пайдаланылуына;

88) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

89) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

90) биоотын айналымы саласында;

 91) биоотын өндіру саласында;

 92) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын сақтауда;

92-1) ғарыш қызметі саласында;

93) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасын сақтауда;

93-1) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына;

94) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;

95) ветеринария саласында;

96) өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласында;

97) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтауда;

98) автомобиль жолдары саласында;

99) бала құқықтарын қорғау саласында;

100) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы саласында;

101) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;

102) рұқсаттық бақылау саласында;

103) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалатын бұйымдардың айналымы саласында;

104) өнеркәсіп саласында;

105) ұйымдардың, әскери міндеттілердің және әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына;

106) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуына;

107) қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларының сақталуына жүзеге асырылады. 

2. Мемлекеттік қадағалау:

1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану саласында;

2) азаматтық авиация қызметіне;

3) халықаралық әуе тасымалдарына;

4) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;

5) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында;

6) ішкі су көлігі саласында;

7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;

8) ветеринария саласында;

9) өсімдіктер карантині саласында;

10) санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласында;

11) қаржы нарығына және қаржы ұйымдарына;

11-1) микроқаржы ұйымдарының қызметіне;

12) кредиттік бюролар қызметіне;

13) инвестициялық қорлар қызметіне;

14) жануарлар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану саласында;

15) орман қорын сақтау, қорғау, пайдалану, ормандарды молайту және орман өсіру саласында;

16) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;

17) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жүзеге асырылады.

Статья 1 ...29 30 31

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться