Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы
7-бап. Бақылау



Ст. 7 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV




1. Бақылау ішкі бақылау және сыртқы бақылау болып бөлінеді.

2. Ішкі бақылау – мемлекеттік орган өз құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды жүзеге асыратын бақылау.

Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 8-бабында айқындалады.

Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүргізілетін ішкі бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган жүзеге асыратын ішкі бақылауға қолданылмайды.

3. Сыртқы бақылау – бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру және қадағалау бойынша жүзеге асыратын бақылау.

Сыртқы бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 10-бабында және 2-тарауында айқындалады.

Сыртқы бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде әкімшілік, тәртіптік іс жүргізуді қозғайды не өз құзыреті шегінде тиісті талап арызға бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.


Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV