Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк материалдық резерв туралы
6-бап. Орталық атқарушы органдардың мемлекеттiк резерв  саласындағы өкiлеттiгi



Ст. 6 Мемлекеттiк материалдық резерв туралы



Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыретi шегiнде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк резерв саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi; P070556

2) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау үшiн ұйымдардың тiзбесi жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, олармен мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтарды жеткiзу және сақтау үшiн шарттар жасасуға жәрдемдеседi;

3) материалдық құндылықтарды жеткiзу мен салуға және оларды сақтауға ұйымдарға ұйымдастырушылық көмек көрсетедi;

4) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын қарызға беру және броньнан шығару туралы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсыныстар енгiзедi;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.07.07 N 183, 2010.02.03 № 248-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.  

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...19 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк материалдық резерв туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Мемлекеттiк материалдық резерв туралы