Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк кәсiпорын туралы
10-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi



Ст. 10 Мемлекеттiк кәсiпорын туралы



1. Кәсiпорынның мүлкiн құны кәсiпорынның дербес балансында көрсетiлетiн кәсiпорынның барлық активтерi құрайды. 2. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер, пайлар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге болмайды. 3. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi:

1) оған меншiк иесi берген мүлiктiң 2) өз қызметiнiң нәтижесiнде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қосқанда); 3) заңдармен тыйым салынбаған өзге де қаражат негiздерiнiң есебiнен қалыптастырылады. 4. Мемлекеттiк кәсiпорындардың негiзгi құралдарға жататын, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында бекiтiлген мүлiкке, сондай-ақ оларға тиесiлi акцияларға қатысты сатуға және сыйға беру мәмiлелерiн жасасуға құқығы жоқ. 5. Шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы мүлiктi алып қою туралы шешiмде уәкiлеттi орган мемлекеттiк кәсiпорынға кейiннен мүлiктi баланстан шығара отырып, оны өзге тұлғаға бергенге дейiн ұстаудың және сақталуын қамтамасыз етудiң мерзiмдерiн белгiлеуге құқылы.

Ескерту. 10-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР 2002.05.21 N 323, 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...51 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Мемлекеттiк кәсiпорын туралы