Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мемлекеттiк кәсiпорын туралы

Мемлекеттiк кәсiпорын туралы
13-бап. Мемлекеттiң тапсырысы



Ст. 13 Мемлекеттiк кәсiпорын туралы



1. Мемлекеттiк кәсiпорын үшiн мемлекеттiң тапсырысын орындау мiндеттi болып табылады.

Егер бұл шарттар мемлекеттiң тапсырысында көзделген болса, кәсiпорынның тауарларды (жұмыстар атқаруды, қызметтер көрсетудi) сатып алушы немесе сатушы ретiнде шарттар жасаудан бас тартуға құқығы жоқ. 2. Мемлекеттiң тапсырысы, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын ұсыну нысандары мен түрлер бойынша медициналық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, кәсiпорынға мемлекеттiк басқару органы арқылы жеткiзiледi. 3. Мемлекеттiң тапсырысында қамтылмаған өнiмдердi (жұмыстар атқаруды, қызметтер көрсетудi) кәсiпорын өз бетiмен сатады.

Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.05.21. N 323, 2009.12.02 N 212-IV (2009.12.05 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...51 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Мемлекеттiк кәсiпорын туралы