Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мемлекеттiк кәсiпорын туралы

Мемлекеттiк кәсiпорын туралы
27-бап. Кәсiпорынның қызметiн қаржыландыру



Ст. 27 Мемлекеттiк кәсiпорын туралы



1. Кәсiпорын өз қызметiнен алған меншiктi табысы есебiнен ұсталады.

Мемлекеттiк кәсiпорынға қаражат заңдарда көзделген тәртiппен берiледi. 2. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк кәсiпорындарын қоспағанда) таза табысының бiр бөлiгiн аудару нормативiн мемлекеттiк басқару органы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмiмен жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейiн белгiлейдi.

Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының бiр бөлiгiн аудару нормативiн мемлекеттiк басқару органы жергiлiктi қаржы органдарының келiсiмiмен жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейiн белгiлейдi.

Мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының бiр бөлiгi белгiленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджетке есептелуге тиiс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының таза табысының бiр бөлiгi өздерi белгiлейтiн мерзiмде, мөлшерде және тәртiппен оның бюджетiне есептелуге тиiс.

Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.05.21 N 323 Заңымен.

Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...51 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 27-бап Мемлекеттiк кәсiпорын туралы