Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Мемлекеттiк кәсiпорын туралы
3-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк  басқару және мемлекеттiк меншiк құқығын жүзеге  асыру

Ст. 3 Мемлекеттiк кәсiпорын туралы


Утратил силу

Действующий аналог

Мемлекеттiк мүлiк туралы
1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын республикалық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) орындайды.

Министрлiктер, агенттiктер, ведомстволар және Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген өзге де мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органдары (бұдан әрi - мемлекеттiк басқару органдары) болып табылады. 2. Коммуналдық меншiк құқығы субъектiсiнiң коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты функцияларын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмияты (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.

Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмияты не жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, әкiм уәкiлеттiк берген атқарушы орган (бұдан әрi - мемлекеттiк басқару органы) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып табылады.

Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.23 N 2722 заң күшi бар жарлығымен, ҚР 1997.07.11 N 154, 2002.05.21 N 323 Заңдарымен.
Статья 1 2 3 4 5 ...51

Перейти к статье






Добавить комментарий к 3-бап Мемлекеттiк кәсiпорын туралы