Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк кәсiпорын туралы
6-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысы



Ст. 6 Мемлекеттiк кәсiпорын туралы



1. Жарғы мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтайшы құжаты болып табылады.

Мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысын мемлекеттiк басқару органының ұсынуы бойынша оның құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) бекiтедi. 2. Мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысында: кәсiпорынның түрi, оның фирмалық атауы, құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) туралы мәлiмет, кәсiпорынның тұрған жерi, оның қызметiнiң мәнi мен мақсаты, басшының өкiлеттiгi, жұмыс режимi, кәсiпорын мүлкiнiң құралуы мен табысты бөлу тәртiбi, кәсiпорынды қайта ұйымдастыру мен оның қызметiн тоқтату шарттары болуы тиiс. Жарғыда сондай-ақ кәсiпорын мен құрылтайшы (уәкiлеттi орган), кәсiпорынның әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары айқындалады. Жарғыда заңдарға қайшы келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкiн.

Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.05.21 N 323 Заңымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...51 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Мемлекеттiк кәсiпорын туралы